«Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен»,- дейді ол.Сонымен қатар тұрғындар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) шашын көруге мүмкіндік алды. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.
2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)

2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)
Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр жанындағы алаңда 2 мыңнан астам адам тасаттық намазын оқып, жаңбыр шақыру рәсімін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шара Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, облыстық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжановтың қатысуымен өтті.
Әнуар Елжановтың айтуынша, тасаттық рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.