«Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды. Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген Антикор қызметінің хабарламасында.Айта кетсек, Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері ағалы-інілі болып келеді.
Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұрлан Мәсімовке Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі («Пара алу») бойынша айып тағып, іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеп жатыр.
Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.