«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданып барған. Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.Сондай-ақ ведомство 10 студенттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Рудныйда 70-тен астам студент уланып қалды

Рудныйда 70-тен астам студент уланып қалды
Рудный қаласында колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланды деп хабарлады turkystan.kz.
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы емдеуге жатқызылған студенттердің жағдайын айтты.
Рудный тау-кен технологиясы колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған. Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып, қаланың медицина мекемелеріне жүгінген.