50345
Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті (ВИДЕО)
Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті (ВИДЕО)

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 14 жылқы көлге батып кетті. Иесі 7,5 млн теңге шығынға батты деп хабарлады turkystan.kz.
2021 жылдың желтоқсанында 45 жастағы аудан тұрғыны полицияға жүгінген. Ол 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген 14 бас жылқысы жоғалғанын айтты. Шығын сомасы 7,5 млн теңгені құрады. Тергеу бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 188-1-бабы, 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша енгізген.
Ерейментау аудандық ПБ қызметкерлері үш айдан астам уақыт бойы барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жануарлардың жоғалып кету қаупі бар аймақтағы жыралар, бос жерлер, орман алқаптары, сондай-ақ, мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер, мал етін өткізудің ықтимал базарлары тексерілді.
12 сәуірде Қызыл-Ссор көлінде суға батқан жылқылар табылды. Резиналы қайықты пайдалана отырып, жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар су қоймасынан бие, байталдарды өз күштерімен шығарып алды.