«Жоғалған адамды іздеу үшін Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы және волонтерлерден құралған 6 іздеу тобы құрылды. Іздеу жұмыстары Державинск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзені жағасы аумағында жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.Полицияның мәліметінше, жоғалған ер адамның бойы 175-180 см, арықша келген. Ол үстіне қара күрткі, ақ түсті жиде, сұр түсті джинсы, қара спорттық аяқ киім киген.
Ақмола облысында 26 жастағы сазгер із-түзсіз жоғалып кетті

Ақмола облысында 26 жастағы сазгер із-түзсіз жоғалып кетті
Ақмола облысында полиция із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы сазгерді іздеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл 14 сәуірде сағат 22:00-де Жарқайың аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, 26 жастағы ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Оның айтуынша, ұлы сол күні сағат 16:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Отбасында ешқандай жанжал болмаған. Ол осыған дейінде де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.