50620
ҰҚК: Ақмола облысының ПД басқарма бастығы ұсталды
ҰҚК: Ақмола облысының ПД басқарма бастығы ұсталды

10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облыстық ПД-ның басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, аталған адамдар лауазымдық өкілеттіктерді теріс және асыра пайдаланды деген күдікке іліккен.
Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды. Ұсталғандарға «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.