50293
«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті
«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады.
«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз», - деді Олжас Беркінбаев.