50598
Тамара Дүйсенова журналистерден 1 ай уақыт сұрады
Тамара Дүйсенова журналистерден 1 ай уақыт сұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін сұрақтарға толық жауап беру үшін журналистерден бір ай уақыт беруді сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен кеше ғана жұмысқа келдім. Сондықтан маған бір айдай уақыт беріңіздер. Содан кейін сіздердің алдарыңызға шығып, қажетті сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге дайын боламын», - деді Дүйсенова.Министр сөз соңында «әрдайым жұмыс істеп келе жатқанын» айтып өтті. Еске сала кетсек, 2018 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол тұста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсеноваға «сен шаршап қалдың ба?» деп, нақты тапсырмаларды орындауы керектігін ескерткен еді. Осыдан кейін Тамара Дүйсенова көп өтпей министр лауазымынан босатылған.