51108
Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС-нің басшысы болып тағайындалды
Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС-нің басшысы болып тағайындалды

Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты.
2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан кейін 2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының «Сарыарқа», «Мысты өңір» газеттерінде тілші болып бастаған.
2003-2004 ж.ж. «Қазақ университеті», «Жас Алаш» газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.
2005-2019 жылдары аралығында «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен.
2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарып келді.
Мұнайлы өңірдегі жасампаздық еңбегі «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары, бас директоры болған сәттерде жоғары жетістіктерімен өрнектелді.
Сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттауда өзіндік елеулі орны бар холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге интернет медиа да қарышты дамып келеді. Оған қоса, серіктестік шаруашылық, өндірістік, қаржылық бағыты да жетістіктерге жетуде.