«180 мың теңгеге - 1 литр йогурт»: Павлодарда ерекше тендер жарияланды (ВИДЕО)

«180 мың теңгеге - 1 литр йогурт»: Павлодарда ерекше тендер жарияланды (ВИДЕО)
Павлодардағы балабақшалардың бірі 405 млн 643 мың 500 теңгеге 2250 литр йогурт сатып алуға конкурс жариялаған деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу порталына шыққан бұл сауда-саттық жұрттың ерекше назарын аудартты. Есептеп қарағанда, 1 литр йогурт 180 мың 286 теңгеге шыққан.
Сонымен қатар, Екібастұздың қалалық ауруханасы 3 млн 900 мың теңгеге 10 ноутбукқа тапсырыс берген. Яғни бір ноутбукты 390 мың теңге бағалаған.
Ал ондай тауардың шынайы құны екі есе арзан тұрады. Сондай-ақ Жетекші ауылдық мектебі 6 интерактивті тақтаның панелін сатып алу үшін 16 млн 480 мың теңге ұсынған. Мониторинг жүргізген мамандар бір панелдің бағасы 1 млн 300 мың теңге екенін анықтады.
Антикор қызметінің ақпаратынша, барлық мемлекеттік мекемелерге ескерту беріліп, лоттар порталдан алынған.