Елордада ақылы тұрақ көбейетін болды (ВИДЕО)

Елордада ақылы тұрақ көбейетін болды (ВИДЕО)

Елордада ақылы тұрақ көбейетін болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50390
Биыл елордада ақылы тұрақтың саны 10 мыңға дейін көбейетін болды деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы «Астана көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-нің директоры Шыңғыс Досыбаев хабарлады. Сәуір айынан бастап тұрақ орны 5 мыңға артқан. Жыл соңына дейін олардың саны тағы екі есе көбейеді.
«Ақылы тұрақтар әр ауданда жүретін көлік санына қарай орнатылады. Олар тек негізгі көшелердің бойында орналасқан. Бұл тұрақтар көлік кептелісін біршама азайтады. Ақылы тұрақтар әкімшілік ғимараттардың жанындағы көліктің жиналуына жол бермейді. Бұған дейін темір тұлпарын 2-3 сағатқа қалдырып кететін адамдар қазір жарты сағат, 40 минут ішінде шаруаларын бітіріп, орынды босатады», - деді Шыңғыс Досыбаев.
Айта кетсек, соңғы 3,5 жылда ақылы автотұрақтардан түскен қаражат 90 миллион теңгеге жеткен. Ал бір жылда табыс көлемі шамамен 28 миллионды құрады. Биыл тұрақ саны 10 есеге артқанын ескерсек, табыс та біршама ұлғаятыны анық. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, осы жылдан бастап жиналған қаржының 25 пайызы елорда бюджетіне түседі.

Серіктес жаңалықтары