50363
«Көкшетау - Нұр-Сұлтан» автожолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
«Көкшетау - Нұр-Сұлтан» автожолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты болғаны туралы бейнежазба тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға куәгерлернің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы қиындап, шамамен екі жүзге жуық көлік бірінен соң бірі соқтығысқан. Жол апаты «Көкшетау - Нұр-Сұлтан» автожолының бойындағы Бозайғыр ауылының тұсында болған.
Бұл ақпаратты Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук растады.
«Жол учаскесі сағат 15:00-ден бастап толық жабылды. Жедел жәрдем мен арнайы техникалар ғана өткізіледі. Шортанды және Бурабай аудандарының патрульдік полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаментінің экипаждары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», - деді ол.Айта кетсек, өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.