Дмитрий Малахов «Антикор» басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Дмитрий Малахов «Антикор» басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Дмитрий Михайлович Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Еске сала кетсек, Дмитрий Малахов бұған дейін СІМ Жедел департаментінің басшысы қызметін атқарған.