Алматыда Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандар ұсталды

Алматыда Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандар ұсталды

Алматыда Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
50284
Алматы полициясы Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандарды ұстады деп хабарлады turkystan.kz. 4 наурыз күні полицияға 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Батырлар аллеясының тұғырынан екі әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны туралы арыз түскен. Осыған қатысты қылмыстық іс тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
«Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді. Ұрылар бірден анықталды. Сондай-ақ қысқа мерзімде олар айдаған көлікті анықтау мүмкін болды. Күдіктілер - үшеу, олар 1996 және 1997 жылы туғандар. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары. Қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Олар шойын маңдайшалар мен әріптерді қабылдау пунктіне өткізу үшін ұрлап кеткендерін мойындады. Біз ұрланған мүліктің сатылу бағытын жедел анықтап, ұрланған заттарды сатып алуға қатысы бар тағы 3 айыпталушыны анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары. Соңғы орын – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойындағы металл қабылдау пункті.  Батырлар Аллеясынан алынған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Заттай айғақтар тәркіленді.  Олардың жалпы салмағы 44,5 келі болды. Сатып алушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы, 1 бөлігі, яғни қылмыстық жолмен алынған мүлікті иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар да уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары