50241
Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбекші болғандар ұсталды
Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбекші болғандар ұсталды
Шекарашылар қазақ-қырғыз шекара учаскесінің Қарасу (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна «АИ-92» маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеді деп хабарлады turkystan.kz.
Шекара қызметінің мәліметінше, заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған.
Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша «құрама» жүк ретінде рәсімделген.
Алынған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.