52134
Өзбекстанда автокөлік бағасы қымбаттады
Өзбекстанда автокөлік бағасы қымбаттады

3 наурызда Өзбекстандағы автосалондар көлікті жаңа бағамен сата бастады деп хабарлады turkystan.kz.
UzAuto Motors танымал автокөлік үлгілері бойынша келісім-шарттардың қайта басталғанын мәлімдеді. Көлік үлгісіне қарай баға шамамен 10-12 пайызға қымбаттаған.
Атап айтқанда, Nexia 3, Spark, Damas және Cobalt көліктері 10 пайызға қымбаттаса, Gentra 12 пайызға қымбаттады.
Gentra 3-позиция - 153 506 000 сом;
Gentra 1-позиция - 128 284 000 сом;
Cobalt АТ/plus – 125 795 000 сом;
Nexia-3 АТ/plus - от 119 921 000 сом;
Spark 4-позиция - 104 095 000 сом.
Жоғары баға сегментіндегі Malibu 2, Tracker, Trailblazer, Equinox, Traverse және Tahoe автомобильдерінің бағалары өзгеріссіз қалды.
Сондай-ақ 3 наурыздан бастап Chevrolet Lacetti, Cobalt, Nexia және Spark келісім-шарттары жаңартылатыны белгілі болды.
Компанияның хабарлауынша, бағалар нарықты талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ, шикізат құнының, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі, ұлттық валютаның құнсыздануы және басқа да факторларды ескере отырып көтерілген.
Тағы оқи отырыңыз: Кішкентай балалар Өскеменде үш қымбат көлікті өртеп жіберді