Кішкентай балалар Өскеменде үш қымбат көлікті өртеп жіберді

Кішкентай балалар Өскеменде үш қымбат көлікті өртеп жіберді

Кішкентай балалар Өскеменде үш қымбат көлікті өртеп жіберді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында үш оқушы бірнеше шетелдік автокөлікке от қойды. Кейбір ақпарат бойынша, зақымданған көліктердің бірі солардың мұғалімдеріне тиесілі екен деп жазды turkystan.kz. Зардап шеккендердің бірі полицияға қоңырау шалған. Айтуынша, ер адам күндіз BMW-сын үйдің алдына қойған. Кейінірек көршілері оның көлігі жанып жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау камералары арқылы жас қылмыскерлердің кім екені анықталды. Олар - 8 жастан 11 жасқа дейінгі мектеп оқушылары. Полиция дәл осындай жағдайда бұрын Lexus және Nissan Liberty көліктерінің зақымдалғанын анықтады. Балалар бұл қылмыстардың да өздерінің ісі екенін мойындады. Оқушылардың іс-әрекеттерінен 3 қала тұрғынына айтарлықтай зиян келтірілген.
«Полиция қызметкерлері бөлімшеге 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігі («Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.