51113
Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі
Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына қала тұрғындарына арналған саябақ салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», - деді ол.Айта кетсек, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимаратты қайта жаңарту жоспарланған болатын.