50340
Атырау облысы: Теңіздегі вахталық қалашық өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Атырау облысы: Теңіздегі вахталық қалашық өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өнеркәсіптік шлам жанып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«1 наурыз күні сағат 16:40-та Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық қалашығының ашық алаңында өндірістік тұнба өртенді» деп жазылған ТЖД хабарламасында.Қазір ТШО Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өртті сөндіруде. Оларға Құлсары қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де келді. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Тағы оқи отырыңыз: Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)