Бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 адам қамауға алынды

/
Бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 адам қамауға алынды
istockphoto.com

Жол қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлік тізгініне отырады. Сот тыйым салса да, олар заңды әдейі бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соңғы бес күнде полиция осындай 245 жүргізушіні ұстады. Оның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, 130-на айыппұл салынды. 245 көліктің бәрі арнайы айып тұрағына қойылды.

ІІМ ұстанымы айқын: құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл жай ғана қағида емес. Бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары