Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Қарағанды қаласындағы «Алтын-Арба» базарының аумағында өрт шыққанын хабарлады деп жазды turkystan.kz. 28 ақпанға қараған түні, сағат 01.03-те Затаевич көшесінің бойында орналасқан нысандардың бірінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, базар аумағындағы үш фаст-фуд дәмханасын жалын шарпып, ағаш қаптама, жылытқыш, жиһаз, құрал-жабдықтарға зақым келген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қарағанды облысының ТЖД (@qaragandy_tjd)

Оқиға орнында Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің 52 қызметкері мен 15 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің ортақ қимылының нәтижесінде 500 шаршы метр аумақты зақымдаған от бір сағаттың ішінде толық сөндірілді. Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.