«Қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек. Бұл - менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан Президенті болатынымды білмеймін. Бірақ, Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық болмайтынымды нақты білемін. Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін», - деп уәде берді Тоқаев.
«Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін» - Тоқаев

«Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін» - Тоқаев
Президент Заңды, Конституцияны өзгертпеуге уәде берді. Сондай-ақ елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын жеткізді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.