50272
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен кетті
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен кетті

ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев өзінің өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.