«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 21-23 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді.
«Алдымен оның ықпалына батыс өңірлер түседі. Кейін тұрақсыз ауа райы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігіне таралады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігінде көктайғақ болады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.