Жерорта теңізіндегі кеме апатынан кейін қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті

/
Жерорта теңізіндегі кеме апатынан кейін қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті
istockphoto.com

Италияның Лампедуза аралы маңында мигранттар мінген қайық аударылып, суға батып кетті. Жағалау күзеті шамамен 50 адамды құтқарып қалды. Алайда бір қыз бала із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адамдар аралға түн ортасына аз уақыт қалғанда жеткізілген. Жоғалған баланың анасы медициналық пунктте жатыр. Қазіргі уақытта оған Қызыл Крест мамандары психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Ал Сицилия жағалауында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді. Поццалло портына дейін шамамен 250 шақырым қашықтықта ашық теңізде 55 мигрант мінген шағын балық аулайтын кеме табылған.

Қайықты табуға Mayday апат дабылы, Еуропалық Frontex агенттігінің ұшағы және Италия Қаржы гвардиясының тікұшағы көмектескен.

Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығына байланысты түні бойы жалғасты. Мамандар нашар көріну жағдайында және теңіз қатты толқыған кезде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Операцияға сауда кемелері де қосылып, Италия әскери-теңіз күштерінің кемесі қолдау көрсетті.

55 адамның барлығы аман-есен құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Жақын сағаттарда Поццалло портына жетуі күтілген.

Ал Лампедуза аралы маңындағы кеме апатынан кейін жоғалған қыз баланың тағдыры әзірге белгісіз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары