Сарыағашта 35 шетелдік азамат ұсталды

Сарыағашта 35 шетелдік азамат ұсталды

Сарыағашта 35 шетелдік азамат ұсталды
ашық дереккөзі
50310
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полицейлері республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға жалпы 89 қызметкер жұмылдырылып, 14 әкімшілік бөлікке бөлінген аумақтар тексерілуде. Аудан аумағында тексерілген үйлердің жалпы саны – 1689.
«Аталған шара кезінде аудан аумағында түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 193 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде масаң күйде қоғамдық орындарда жүргені үшін Сарыағаш қаласында орналасқан «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына» 40 азамат орналастырылған. Деструктивті діни ағымдағы тізімде тұрған 103 азамат тексеріліп, оның бесеуіне әкімшілік хаттама толтырылды. Одан бөлек, Сарыағаш аудандық ПБ Көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан аумағында заңсыз жүрген 35 шетелдік азамат анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен хаттама толтырылып, аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды» деп жазылған Түркістан облысы ПД таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары