«Құрылыс және тағы да құрылыс» – Қасым-Жомарт Тоқаев отаншылдық ұранды атады

/
«Құрылыс және тағы да құрылыс» – Қасым-Жомарт Тоқаев отаншылдық ұранды атады
Ақорда

«Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Осылайша, мемлекетіміздің тұрпаты мен келбеті, экономикамыздың құрылымы айтарлықтай өзгеретініне күмән жоқ.

Бір мезетте бүкіл саланы және барлық аймақты қамтитын дәл осындай өте ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын сіздер жақсы білесіздер. «Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ.

Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады.

Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады.

Түптеп келгенде, «Халықтық құрылыстың» игілігі мен жақсылығын Қазақстанның әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ өкілдері көреді.

Сондықтан біз «Құрылыс және тағы да құрылыс» сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар