Ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасының мән-маңызын атады

/
Ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасының мән-маңызын атады
Ақорда

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумына қатысып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы жақында жарияланған «Халықтық құрылыс» жобасына тоқталып, қазақ даласының енді ауқымды құрылыс алаңына айналатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақта «Еңбек төрге оздырады» деген сөз бар. Шын мәнінде, өз ісін адал атқарып, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың арқасында еліміз өсу, өрлеу дәуіріне қадам басып келеді. Біз жасампаз әрі озық ойлы ұлт болып әрдайым алысқа көз тігеміз, ел мүддесі үшін тек қана биік мақсаттарға ұмтыламыз. Мемлекет басшысы ретінде осы мақсатқа адал болу – мен үшін қастерлі парыз. Биылғы Жолдауымда көрініс тапқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы соның айқын дәлелі екені сөзсіз. Бұл – құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады деген сөз. Алдымызда тұрған құрылыс жоспары – шын мәнінде, оның ауқымы тұрғысынан алып қарасақ, айбынды әрі бірегей. Еліміздің барлық аймағында емхана, аурухана, балабақша, мектеп, мәдениет және спорт ғимараттары, яғни, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған аса маңызды әлеуметтік нысандар бой көтереді. Сапалы жолдар төселеді, атом, су, электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары салынады», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар