Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды – Мемлекет асшысы

/
Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды – Мемлекет асшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда.

Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер.

Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды.

Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі.

Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз.

Мен бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын», – деді Президент. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар