50310
Қызылордада сотталушы қалыңдығымен некелесті
Қызылордада сотталушы қалыңдығымен некелесті

Қызылорданың ЗК-169/1 тергеу изоляторында 24 жастағы сотталушы қалыңдығымен некелесті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Бұл жағдай қамаудағы азаматтың санасын жағымсыз ойлардан арылтып, жігерлендіріп, оң ықпалын тигізетіні анық, – деді мекеме бастығының орынбасары Қ. Олжабаев.24 жастағы жігітке ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша айып тағылып, тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, біраз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
– Мен жігітімнің құқық бұзып, теріс әрекет жасағанын түсінемін. Әйтсе де бұл сәтті тағдырымның сынағы деп қабылдадым. Сондықтан сын сәтте оны қолдап, адал жары бола алатындығымды білдіру ниетіммен осындай шешімге келдім, – деді қалыңдық.