«Биыл директорлардың ротациясы басталады. Алдыңғы жылды заңнаманы қабылдап, бекіттік. Енді биыл нақты мыңнан астам директор ротацияға ілінеді», - деді министр.Ротацияның ережелері: Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады. Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады. Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс. Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар: – ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармалары жүзеге асырады; – ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі; – ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді. – ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
«Биыл директорлардың ротациясы басталады» – Аймағамбетов

«Биыл директорлардың ротациясы басталады» – Аймағамбетов
Биыл мыңнан астам директор ротацияланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.