50406
Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады
Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

Білім және ғылым министрлігі елімізде онлайн білім алу саласын дамытуды жоспарлауда. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.
«Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқу әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Біз жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады», - деді ол министрліктің алқа отырысында.Жоғары оқу орындарында білім алу үшін берілетін грант саны 5 мыңға ұлғайтылады. Оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінбек. Сонымен қатар, Қуаныш Ерғалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Білім және ғылыми министрлігі «Болашақ» бағдарламасын қайта бейімдеу және реформалау бойынша жұмыстарды бастағанын атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар техникалық мамандықтарды игеруге тиіс екенін, оның ішінде шетелдік оқу орындарында білім алу мүмкіндігі туралы айтты.