50379
Ақтаулық спортшы әлемдік рекордты жаңартты (ВИДЕО)
Ақтаулық спортшы әлемдік рекордты жаңартты (ВИДЕО)

Ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев 70 килограмм салмақта белтемірге тартылудан әлемдік рекордты жаңартып, чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты 23 қаңтар күні Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында өтті. Оған 20 елдің 200-ден астам спортшысы қатысты. Жарыстар алты салмақ дәрежесінде ұйымдастырылған.
Ильдар 70 килограмм салмақта өнер көрсетіп, чемпиондық титулын алтыншы рет қорғап отыр.
«Ең ауыр кезең – салмақ қуу. Бір ай бойы демалыс жоқ, талмай жаттығу жасауға тура келеді», - деді Ягьяев.Ол стрит воркаут пен стритлифтингті кеңінен насихаттау үшін өз командасымен тегін жаттығулар өткізеді.
«Алдағы уақытта демеуші тауып, Лос-Анжелестегі Muscle Beach-ке ұқсас тренажер алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Біз серіктестік байланыс орнатуға дайынбыз», - деп атап өтті Ильдар.Сондай-ақ спортшы Маңғыстау облыстық стритлифтинг және воркаут федерациясын басқарады. Айта кетсек, 2021 жылдың соңында Ильдар Ягьяев Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанған болатын.