«Соңғы қадамға баруға мәжбүрміз»: жаңаөзендік жұмысшылар Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

«Соңғы қадамға баруға мәжбүрміз»: жаңаөзендік жұмысшылар Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

«Соңғы қадамға баруға мәжбүрміз»: жаңаөзендік жұмысшылар Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50361
«Бұрғылау» ЖШС-нің 100-ге жуық қызметкері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің сыйақыдан айрылатынына наразылық білдіріп, компанияны мемлекет меншігіне алуды сұрайды, деп жазды turkystan.kz. Өз үндеуінде олар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-2006 жылдары берген тапсырмасына қарсы шықты. Сол кезде ірі сервистік компаниялар жеке қолға өткен болатын.
«Зауыт басшылығы міндеттемелерін тиісті деңгейде атқармады. Әлеуметтік мәселелердің, соның ішінде еңбекақыны төлеу проблемасы шешілмегендіктен, қарапайым жұмысшылар соңғы қадамға баруға мәжбүр. Бұған 2009 және 2016 жылдары өткен митингтер дәлел. Біз еңбек дауынан шаршадық», - дейді жұмысшылар.
«Бұрғылау» ЖШС мұнай және газ ұңғымаларын салу, күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру және жою сияқты қызмет көрсетумен айналысады. Бір атап өтерлігі, бұл серіктестік 2018-2019 жылдары Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы 50 ірі жеке компаниялардың тізіміне кірген.

Серіктес жаңалықтары