«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің активтері мемлекет меншігіне өтті

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің активтері мемлекет меншігіне өтті

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің активтері мемлекет меншігіне өтті
ашық дереккөзі

«ӨКМ Операторы» утильалым жинау құқығынан айырылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет «ӨКМ Операторына» қатысты Қаулы қабылдады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді», - делінген Үкімет хабарламасында.
Құжатқа сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін және әкімшілендіру қызметтерін мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды. Айта кетейік, 11 қаңтар күні Мемлекет басшысы мәжіліс отырысында «ӨКМ Операторна» утильдік алым жинауға тыйым салғанын хабарлаған болатынбыз.