50313
Жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан полицейлердің тізімі жарияланды
Жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан полицейлердің тізімі жарияланды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде лаңкестермен қақтығыста 7 әскери және полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Қайтыс болғандардың арасында Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы, Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы, Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Ален Мұхитұлы, Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубек-ұлы , Қатардағы жауынгерлер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы және Аманов Айбат Ерболұлы, Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.
Әскерилер ел тыныштығын күзетіп, өздеріне жүктелген міндетті қайсарлықпен адал атқарды.