50814
Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттай түсті
Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттай түсті

2022 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетейік, 2021 жылы АЕК мөлшері 2 917 теңге болған еді.
Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 063 теңге болды. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да өсіп отыр.
- паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 24 504 теңге;
- жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге;
- жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге;
- туу туралы куәлік тегін беріледі, бірақ акт жазбасына қандай да бір өзгеріс енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет;
- некені тіркеу – 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда – 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге;
- ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.