Министр ҰБТ туралы жаңа мәлімдеме жасады

Министр ҰБТ туралы жаңа мәлімдеме жасады

Министр ҰБТ туралы жаңа мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50567
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, 2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі, деп хабарлады turkystan.kz.
«Келесі жылы көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут алады. Яғни, олар ҰБТ-ны басқаларға қарағанда ұзағырақ - 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі.
​«Біз үшін жұмыстың ең басты бағыты талапкерлердің мүдделері болып табылады. Біз ҰБТ-ны жылына бірнеше рет өткіземіз. Және де талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Олар үшін ҰБТ тапсыру уақыты тағы 40 минутқа ұзартылады. Ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Осыған дейін білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов бізге осындай тапсырма берген болатын. Бұл өзгерістер олар үшін ҰБТ - дан өтуді айтарлықтай жеңілдетеді», - деп атап өтті Руслан Емелбаев.
2022 тестілеу «1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ оқуға түсушінің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылады. Айта кетейік, 2022 жылы ҰБТ электронды форматта өтеді. Оқуға түсушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейінді пәнді тапсырады.

Серіктес жаңалықтары