50720
Балаларды ұрған тәрбиеші суицид жасады
Балаларды ұрған тәрбиеші суицид жасады
Алматыда балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы қаласының Полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматша өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Мән-жайлар анықталуда», - делінген Полиция департаменті таратқан ақпаратта.Ақпаратты Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті растады. Тағы оқи отырыңыз: Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)
«Иә, бізге бұл ақпарат жаңа жетті. Оқиға бүгін болды. Егжей-тегжейін әлі білмейміз», - деп хабарлады департамент.Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті желі қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды.