Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)

Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)

Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларды төпелеген сәті түскен бейнежазба тарады. Оның бұл әрекеті жұрттың ашуын тудырды, деп жазды turkystan.kz. karabulak.insta парақшасында жариялаған видеодан балабақша қызметкерінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін көруге болады. Тағы бір сәтте қатыгез тәрбиеші балаларды оқтаумен ұрып шығады. Бұл әрекеті мекемедегі бейнекамералардың біріне түсіп қалған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ?????????.????? (@karabulak.insta)

Автор оған қатысты жазбасына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Instagram-дағы ресми парақшасын тегтеген.
«Баланың ерні жыртылған. Денесінде қатты соққыдан алған іздер бар. Тағы бір баланың құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен де балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады» деп жазды ол.
Сондай-ақ ызаға булыққан желі қолданушылар безбүйрек тәрбиешінің өзін де дәл осылай жазалап, түрмеге қамау керектігін айтуда.