Павлодар облысында оқушылар мінген көлік өртеніп кетті
Павлодар ауданының трассасында ГАЗель автокөлігі жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Бүгін, яғни 23 желтоқсан күні Павлодар ауданына қарасты Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда 2007 жылы шығарылған ГАЗель автокөлігі жанып кетті. Өрт 8 шаршы метр алаңды қамтыған, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Тілсіз жау орын алған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен автокөлікте болған мектептің 6 оқушысы өздігімен эвакуацияланды.
- Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.