50772
Көптің көзінше көрпе астында аймаласқан ересектер сынға қалды (ВИДЕО)
Көптің көзінше көрпе астында аймаласқан ересектер сынға қалды (ВИДЕО)

Бұқаралық ақпарат құралдарында құдалықта болған оқиға ретінде таралған егде жастағы адамдардың бұл әрекеті әлеуметтік желідегі жұрттың ермегіне айналды, деп жазды turkystan.kz.
Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланған егде жастағы ер адам мен әйел кісінің көптің алдында құшақтасып, сүйісуін әлеуметтік желідегі қолданушылар түсінбей әлек. Сондықтан болар, кадрдағы көріністі сан-саққа жүгіртуде.
Видеоны жариялаған желі қолданушысы оғаш қылыққа қатысты құда мен құдағи арасында жасалатын ырым деп түсінік қалдырған.