50395
Полиция ғимаратында қайтыс болған жігіттің ұсталған сәтінен видео тарады (ВИДЕО)
Полиция ғимаратында қайтыс болған жігіттің ұсталған сәтінен видео тарады (ВИДЕО)
Шымкент қалалық Полиция департаментінде көз жұмған Нұрболат Жұмабаев көше бойынан ұсталса, оның досы Сергей Петров мейрамхана ішінде ұсталған. Екеуін де еш ескертусіз төпелей жөнелген арнайы жасақтың әрекеті интернетте қызу талқыланып жатыр, деп жазды turkystan.kz.
Естеріңізде болса, тергеу кабинетіндегі жауап алудан кейін көлік ұрлады деген күдіктілердің бірі Нұрболат Жұмабаев қайтыс болған еді.
Марқұмның туыстары Нұрболатты ұрып-соғып өлтірді деп есептейді. Осы іс аясында Нұрболат Жұмабаевты ұстауға қатысқан үш полиция қызметкері екі айға қамауға алынды.этПосмотреть у публикацию в Instagram