«Көшеге құмның орнына неге тұз сеппейсіздер?»: Павлодар әкімі жауап берді

«Көшеге құмның орнына неге тұз сеппейсіздер?»: Павлодар әкімі жауап берді

«Көшеге құмның орнына неге тұз сеппейсіздер?»: Павлодар әкімі жауап берді
ашық дереккөзі
50268
Павлодар қаласының жолдарына тұз емес, құм себіледі. Мұның себебі жайлы қала әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
- Маған да барлық жерде аяқ киімге жабысып жүретін құм ұнамайды. Өкінішке қарай, мен де көшеде аяқ киімімді былғап аламын. Бірақ та, мердігерлер құмды алдағы уақытта да жолдарға себетін болады. Неге екенін түсіндірейін. Бүгінгі таңда құмның лайықты баламасы жоқ, оның ішінде баға мен сапасының да қатысы бар. Маған дайректке: «Неге көшелерге құмның орнына тұз сеппейсіздер?» деп жазады. Себебі, болмайды. Иә, тұз таза түрінде немесе құм-тұз қоспасы түрінде тиімдірек және де одан аяқ киім де аса қатты былғанбайды, - деп жазады Асайын Байханов.
Оның айтуынша, тұздың бір бөлігі топыраққа сіңеді. Топырақта жиналған тұз жасыл желектің өсуіне кедергі келтіріп, жойылуына әкеп соғады.
- Химия онсыз да айналамызда өте көп. Сонымен қатар, ол «ұнтақ» түрінде тым қымбат. Павлодарда онсыз да сирек өсетін жасыл желекті улау үшін әкімдік қаржы төлемейді. Биылғы жылы қыстың аса қарлы емес және өткен жылдармен салыстырғанда ауа райы едәуір жылы екенін байқаған боларсыздар. Күндізгі ауа температурасынан қар еріп кетуде, ал кешкісін еріген қар суы қатып, мұзға айналуда. Бұған жол бермеу үшін көшелерді сыртқы температура минус 10 градусқа дейін жауған қардан тазарту технологиясы мұзға қарсы материалды (біздің жағдайда құм) қолдануды қажет етеді, - дейді әкімі.
Құм себу жұмыстары аяз түскенге дейін және қар құрғақ болып, қосымша материалдарды пайдаланбай сыпыруға мүмкіндік болғанға дейін жүзеге асырылады. Әкім қала тұрғындарын өзге ұсыныстары болса, бөлісуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары