Ауыр жүк көлігін жүргізушілерге 11 млн теңге айыппұл салынды

Ауыр жүк көлігін жүргізушілерге 11 млн теңге айыппұл салынды

Ауыр жүк көлігін жүргізушілерге 11 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50600
30 қараша күні Шетпе – Жетібай – Ақтау тас жолында жүк көліктерін бақылайтын жылжымалы бекет қойылды. Мобильді бекет қызметкерлері Бекі ауылының іргесіндегі қиыршық тас карьерлерінде жұмыс істейтін жүк көліктерінің қозғалысы мен салмағын тексерген, деп хабарлады turkystan.kz. Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 19 күннің ішінде Ақтау - Жетібай - Бекі - Шетпе жылжымалы бекетінде 128 ауыр жүк көлігін тексерді. Нәтижесінде 65 хаттама толтырылып, 11 млн теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 3 млн 800 мың теңге жолда заңмен рұқсат етілген шектен тыс жүк тасығаны үшін салынған айыппұл сомасы. 16 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент өкілдері Бекідегі жылжымалы бекетте көліктердің құжатын тексеруге, сондай-ақ тасымалданатын жүктің салмағын анықтау үшін үш ауыр жүк көлігін тоқтатпақ болған. Аталған көліктердің жүргізушілері құзырлы орган өкілдерінің айтқанын елемей, жоғары жылдамдықпен жүре берген. Полицейлер олардың соңынан ілесіп, жылжымалы көлік бекетінің маңында жолды жауып, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен сөйлесуге тырысты. Алайда, көлік жүргізушілері полицейлермен сөйлесуге қарсы болып, көлік есігін жауып алған. Осыдан кейін шамадан тыс жүк тиеп алған көлік жүргізушілері салынатын айыппұлдан қашып, артық жүкті жолға төгіп тастаған. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Камаз, Шахма және МАЗ маркалы үш автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
- Маңғыстау ауданы әкімдігіне жылжымалы бекет арқылы өтетін барлық көліктердің қозғалысын түсіретін, сондай-ақ бекеттегі Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ЖПҚБ ППР, Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент өкілдерінің іс-әрекетін жазып алатын бейнекамералар орнату ұсынылды. Бейнекамералар бекетте құзырлы орган қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендер мен басқа да күтпеген жағдайларды тіркеу үшін қажет. Жылжымалы бекеттерде құзырлы орган қызметкерлерінің тәулік бойы үздіксіз кезекшілігі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жылжымалы бекет жанынан айыптұрақ ашуды жоспарлап отыр, - дейді Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадов.

Серіктес жаңалықтары