Шымкент әуежайына жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр

Шымкент әуежайына жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр

Шымкент әуежайына жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
50202
Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат  таратқан лаңкес іздестіріліп жатыр. Ол тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған хабарламаны әуежайдың электронды поштасына жіберген, деп хабарлады turkystan.kz. Соның салдарынан бірнеше рейс кейінге шегеріліп, енді ұшып келген жолаушылар жүгін ала алмай әуре-сарсаңға түсті.
 - Ұшақ қонды, содан кейін шығармады. «Сол жерде тұрыңдар, күте тұрыңдар, тексереміз шығарамыз» деді. Сосын трап келді, түсірді шығарды. «Багажды кейін аласыңдар» деп, шығарып жіберді. Бомба қойылған сияқты. Соны тексеріп жатыр, - деді Мақсат Әбдіжалил есімді жолаушы телеарнаға берген сұхбатында.
Әуежайға бомба қойылды деген ақпарат поштаға  түнгі сағат 2-де түскен. Бірақ қызметкерлер бұл жазбаны таңғы сағат 9-да бір-ақ көріпті. Тек содан кейін барып авиация қауіпсіздігі қызметіне хабар берген. Осыдан кейін жедел жеткен құзырлы орындар 400-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшіріп, саперлар екі мың шаршы метр аумақты тінтіп шыққан. Жалпы, екі сағатқа жуық тексеруден Ақтауға, Алматы мен Нұр-Сұлтанға ұшуға тиіс рейстер уақытынан кешікті. Қазір шығын есептелуде. Сондай-ақ белгісіз поштадан жалған ақпар таратқан адам іздестіріліп жатыр.
- Бүкіл периметр бойынша қазір авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері патруль жасап жүр. Бүкіл камералармен мониторинг жүргізіліп жатыр. Сағат 12-ден бастап және полиция қызметкерлерімен бірге тағы да осы апта ішінде тағы екі-үш рет кинологтармен бірге тексеріп өтеді, - деді Шымкент әуежайы заң бөлімінің жетекшісі  Жомарт Махмұт.

Серіктес жаңалықтары