50294
Арман Әшімов қарсыласын жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Арман Әшімов қарсыласын жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Танымал қазақстандық «ММА» шебері Арман Әшімов Украина лигасы аясындағы «Mahatch FC» турниріне қатысып, жеңіске жетті, деп жазды turkystan.kz.
Киевте жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жекте отандасымыз бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді. Сәтті соққы жасаған қазақстандық файтер қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, ол 14-ші жеңісіне қол жеткізді.
Видеоны төменде көруге болады.
Еске сала кетейік, Арман Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы кездесуін 3 қазанда «Naiza Fighting Championship 34» турнирінде өткізіп, әзербайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.Посмотреть эту публикацию в Instagram