Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
ашық дереккөзі

13 желтоқсан күні сағат 11-лер шамасында Водников-2 ықшамауданында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап. 2 және 8-көшелердің қиылысында жедел жәрдем көлігі Volkswagen Touareg автокөлігімен соқтығысып,  аударылып қалған.  Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция болған жайды тергеуде. Кейін облыстық аурухананың баспасөз қызметі жүргізуші тексерістен кейін үйіне жіберілгенін хабарлады. Ал 27 жасар фельдшердің жағдайы орташа деп бағаланған. 3-4 күннен кейін оны да ауруханадан шығаруы мүмкін.