50406
Түркияда үш әуежай жабылып, көлік қозғалысы шектелді
Түркияда үш әуежай жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Қалың тұман салдарынан Түркияның шығысындағы үш әуежай жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Таңертең Диярбакыр, Батман және Мардин бағытындағы рейстер тоқтатылды», - деп хабарлады TRT Haber телеарнасы.Тұманнан жүргізушілердің жолды көруі қиындаған. Салдарынан жол қозғалысы тоқтатылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада дауылдың әсерінен Анталияға ұшу тоқтатылған. Бодрум мен Измир әуежайларына рейс те кейінге қалдырылды.