50381
Мемлекет жекеменшікке тағы 348 нысанды сатады
Мемлекет жекеменшікке тағы 348 нысанды сатады

Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, – дейді министр.Қаржы министрінің айтуынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған.
16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, – деді Ерұлан Жамаубаев.